Пәкістанның Карачи қаласында алапат су тасқыны болды. Санаулы сағатта қалаға 145 милиметр жауын жауған. Көшелер өзенге айналды. Жолдарды су басып, электр қуаты үзілген. Күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауып, тасқын күшеюі қаупі әлі сейілген жоқ. Ал елдің Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған тасқыннан қаза тапқандар саны 358-ге жеткен. Олардың 200-ден астамы Бунер ауданының тұрғындары.

Йеменде ел астанасын су басты. Йемен астанасы Сана мен Аден қалаларын алапат тасқын жайлады. Күні бойы дамылсыз нөсер жауын жауған. Табиғи апат кезінде бірнеше адам жараланды. Үйлерге зақым келген. Ауа-райы болжамына сай, жаңбыр бейсенбіге дейін жалғасуы мүмкін.

Арай Төлеген