ҚР Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 8 тамыздағы бұйрығымен медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауға жататын жоғары, орта және төмен тәуекел субъектілерінің (объектілерінің) тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Не өзгерді:
- жоғары тәуекелді бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) гемодиализ көмегін көрсететін медициналық ұйымдар жатқызылды;
- кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар орташа тәуекелді бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесіне бал қосты.
Бұйрық 2025 жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.