Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"22 тамыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады.
Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз