Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Елена Рыбакина US Open-2025 турниріндегі алғашқы матчын жеңіліспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен жұптасып ойнаған микст санатындағы алғашқы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар ширек финалға жолдама үшін италиялық жұп – Сара Эррани мен Андреа Вавассориге қарсы ойнады. Екі сетте де есеп 2:4, 2:4 болып, қарсыластары жеңіске жетті.

Биылғы US Open ұйымдастырушылары “микст” санатында жаңа формат енгізді. Оған 16 жұлдызды жұп қатысуда. Оның сегізіне “жекелей рейтингтің” жиынтық көрсеткіші бойынша кепілді орын берілсе, қалған сегізі уайлд-кард арқылы іріктелді. Жеңімпаз жұп 1 миллион доллар жүлде алады – бұл былтырғыдан бес есе көп.

Жұлдызды жұптардың қатарында: Даниил Медведев пен Мирра Андреева, Гаэль Монфис пен Наоми Осака, Елена Рыбакина мен Тейлор Фриц, Каспер Рууд пен Ига Швёнтек және басқа да танымал теннисшілер бар.