Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

20 тамызда елдің қай өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады

Синоптиктер Қазақстанда 2025 жылғы 20 тамызда, сәрсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Қазгидромет” РМК дерегінше, республиканың батысы, оңтүстігі және шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

“Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлеріне әсерін сақтайды – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, батыс пен орталықта тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады”, — делінген болжамда.

Сонымен қатар өрт қаупі бар екені де ескертілді:

  • жоғары өрт қаупі – Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында;
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды және Ақтөбе облыстарында.