"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бүгін, 19 тамызда оқушыны бір мектептен екінші мектепке үйден шықпай-ақ, онлайн түрде қалай ауыстыруға болатынын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы толықтай онлайн режимде ауыстыра алады.
"Жүйе ата-ананың тіркелген мекенжайына сәйкес микроучаске бойынша жалпы білім беретін ұйымдарды автоматты түрде таңдайды. Сонымен қатар, мектепті тек микроучаске бойынша ғана емес, отбасының қалауына сәйкес оның шекарасынан тыс кез келген жалпы білім беретін ұйымды да таңдауға болады. Мектепті таңдаған кезде жүйеде бірден қолжетімді оқыту тілі көрсетіледі". ҚР "ҰАТ" АҚ" баспасөз қызметі
Жүйе бекіту және шығару талондарын алуды, сондай-ақ баланың жеке ісін қолмен тапсыруды қажет етпейді. Бұдан бөлек, өтініш беруші қажет болған жағдайда берілген өтінішін қайтарып ала алады.
"Қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Қарау қорытындысы бойынша пайдаланушының жеке кабинетінен қызметтің көрсетілгені туралы хабарлама немесе бас тарту себептері түсіндірілген негізді жауап жолданады. Қажет болған жағдайда пайдаланушыға баланы мектепке тегін жеткізу және қайтару құқығы туралы хабарлама немесе тасымалдаудан бас тарту туралы негізді жауап беріледі",- делінген ақпаратта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Egov.kz (@egov.kz)
Бұған дейін елордадағы LRT станцияларының атауы бекітілгендігі хабарланған болатын.