Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 19 тамыз күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 538,57 теңгені құрап, 1,27 теңгеге төмендеді. Рубльдің бағамы 6,71 теңге болды (-0,0225).

Таңертеңгі сауда-саттықта қытай юанінің орташа өлшенген бағамы 74,88 теңгені құрап, 0,44 теңгеге арзандады.

Айырбастау пункттерінде доллар 539–541 теңгеге, еуро 627–631 теңгеге, рубль 6,65–6,73 теңгеге саудалануда.

Бұл ретте, 19 тамыздағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың құны алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,99%-ға төмендеп, баррелі 65,94 доллар болды.

Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 1,02%-ға төмендеп, баррелі 62,06 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 540 теңге, еуроны – 630,72 теңге, рубльді – 6,72 теңге деңгейінде белгіледі.

Күннің алғашқы жартысындағы валююта бағамын мына жерден көре аласыз.