Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

– Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар, – делінген хабарламада.

Арнаға сілтеме: @aqorda_official.

Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыс қолға алынды. Осы стратегия аясында елдің Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жіберу үшін отандық Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшуді бастайтыны туралы жазған болатынбыз.