Мемлекет басшысы 2025 жылғы 19 тамызда Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.
Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.
Бұған дейін мемлекет басшысының Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдағанын жазғанбыз.