Блогер Әлия Әшім Астана қаласында мемлекеттік мектептің аздығына шағымданды.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мен таң қалып тұрмын. Екінші қызымды мектепке берейін деп жатырмын. Мемлекеттік мектеп іздеп жүрмін. Ботаникалық бақтың ауданында тұрғын үй жетеді, жыл сайын салынады. Аяқ алып жүретін орын жоқ. Бірақ дәл осы ауданда әрі кетсе 2-3 мемлекеттік мектеп бар. 8-9 ақылы жекеменшік мектеп бар. Баласының барлығын жекеменшік мектепке бере беруге жағдайы келе бермейтін ата-аналар не істеуі керек? Мемлекеттік мектепте 45 бала, кемі 30 бала отыр. Бірінші қызымды мектепке бергенде бір сыныпта 30 бала дегенге таң қалатынмын. Бүгін маған 45 бала деді. Бір сыныпта 45 бала, ойлап көріңізші. Халық саны өсіп жатқан Астанада соны қарастыруға болмай ма? Мен де мүлдем таңдау жоқ. Мен баламды 45 баланың қасына отырығызып отыра алмаймын. Сонда ақшам болмаса, балама дұрыс білім бере алмаймын деген сөз бе? Сондықтан қырғын тұрғын үй тұрғызған кезде, бірінші кезекте мектеп, емхана дегенді ойлау керек. Балаға обал», — деді блогер.