2025 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының құны 4073,6 миллиард теңгені құрады.
Көрсеткіштің ұлғаюы ғимараттар (27,5%) мен тұрғын ғимараттар (15,6%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,9%), автомобиль, теміржолдары мен метролар (23,9%) және тұрғын үйлердің (13,4%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қостанай (40,4%), Қызылорда (37%), Түркістан (34,6%), Солтүстік Қазақстан (34,2%), Батыс Қазақстан (33,4%), Ақмола (32,7%), Маңғыстау (28,1%), Алматы (26%), Ақтөбе (25,6%) Жетісу (23,9%) және Қарағанды облыстарында (21,8%), Алматы (35,6%), Астана (33,9%) және Шымкент қалаларында (18,8%) байқалады.
Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-шілдеде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 12802,9 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 5,2% көбейді, 9380,7 мың шаршы метрді құрады, олардан 5995,5 мың шаршы метр — көп пәтерлі және 3285 мың шаршы метр — жеке үйлер.
Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 8748,2 мың шаршы метрді немесе 93,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3404,7 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.