Энергетика министрлігі еліміздің оңтүстігінде электр энергиясына шектеулер енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Министрліктің мәлімдеуінше, бірыңғай электр энергетикалық жүйе бүгінде ақаусыз жұмыс істеуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Министрлік әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлап, көпшілікті тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
"Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау жағдайы толықтай тұрақты деп бағаланады. Электр энергиясын жеткізу қалыпты режимде жүзеге асырылып, халықтың да, өнеркәсіптік кәсіпорындардың да барлық қажеттіліктерін толық қамтып отыр. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі ешқандай ақаусыз жұмыс істеуде.
Министрлік республика бойынша электр энергиясын өндіру мен тұтыну теңгерімін тұрақты бақылауда ұстайды. Барлық өндіретін және жеткізуші компаниялар бекітілген кестелер аясында жұмыс істеп, энергожүйенің сенімділігін қамтамасыз етуде", — делінген ресми хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз