Қазақстанда бүгін екі рет жер сілкінісі болды. Бірі – Шығыс Қазақстанда, екіншісі – Жамбыл облысында, деп жазады inbusiness.kz сайты .
Дүмпу сағат 15:08-де Жамбыл облысында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, 338 шақырым жерде орналасқан. Құланда 3 балл, Меркіде 2 балл сезілген.
Зардап шеккендер мен ғимарат зақымдануы туралы мәліметтер жоқ.
Таңертең Шығыс Қазақстанда екі балдық жер сілкіні болғаны да айтылды. Астана уақытымен 07:35-те “Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Ресей аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1 162 шақырым жерде орналасқан.
Өскемен мен Катонқарағайда 2 балл болып сезілген.