Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер (АҚШ) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 74-ракеткасы, италиялық Маттиа Белуччимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда италиялық теннисші тай-брейкте басымдылық танытты — 7:6 (7:5).

Екінші сетте Белуччи 3:1 есебімен жеңіп жатқан мезетте Шевченко жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.