Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді.

Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • "Білім" → "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;
  • Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.

Бұған дейін елімізде соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өскендігі хабарланған болатын.