Оқиға төбелес кезінде болған.
Желіде 23 жастағы фельдшердің Атырауда атып өлтірілгені туралы ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атырау облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Аталған факті бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді ведомство.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмеді.