Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.
«Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», — деп жазылған жеделхатта.
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 365 адамға жетті, оның кемінде 300-і Пәкістанда. Бірқатар елді мекендерді су басқаннан кейін көп тұрғын із-түссіз жоғалғандар қатарында.