Елордадағы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізілетінін хабарлады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің хабарлауынша, 17 тамыз сағат 19:00-ден 18 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін елордада жөндеу жұмыстарына байланысты Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі жабылған болатын.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз