Сербияда 2025 жылғы 17 тамызға қараған түні болған тәртіпсіздіктер кезінде алты полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 56 азамат ұсталған.
"Олардың 16-сы қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген негізді күдікпен, ал тағы 35-і әкімшілік заңбұзушылық үшін ұсталды", — делінген Сербия ІІМ таратқан мәліметте.
Министрлік дерегінше, 27 адам Белградта, 29 адам Валевода қамауға алынған.
Жексенбіге қараған түні Валевода наразылар билеуші Сербия прогрессивті партиясының (СПП), серіктес партиялардың, қала әкімдігі, сот пен прокуратура кеңселеріне шабуыл жасаған. Тәртіпсіздіктерге алдыңғы күндері күштік құрылымдардың демонстранттарға қатыгездікпен қарағанын көрсететін видеолардың әлеуметтік желілерде таралуы түрткі болды.
Наразылық акциялары астана Белградтың Нови-Белград ауданында да өтті, онда полиция көз жасаурататын газ қолданған. Сондай-ақ Земун ауданында Сербия радикалды партиясы жетекшісі Воислав Шешельдің кеңсесіне шабуыл жасалды. Ол бұған дейін демонстранттарға қарсы жария түрде пікір білдірген. Шабуыл кезінде ғимараттың терезелері сындырылып, қабырғалары бояумен былғанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Александар Вучић (@avucic)
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Нови-Сад, Лесковац, Вране қалаларындағы акциялар кезінде де түрлі оқиға тіркелгені хабарланды. Ал президент Александр Вучич елде азаматтық соғысқа жол берілмейтінін мәлімдеп, сырттан қолдау болса да, ешкім мемлекеттің құзырынан күштірек емес екенін ескертті.