Қазақстанда бүгін осымен екінші мәрте жер сілкінісі фактісі тіркелді. Оның ошағы Тәжікстан территоиясында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 25 мамырда Астана уақытымен 15 сағат 8 минутта жер сілкінісі тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында 338 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай", делінген хабарламада.

Жер сілкінісін Жамбыл облысындағылар сезді.

Жер сілкінісі тербелесінің қарқыны:

  • Құлан ауылы — 3 балл;
  • Меркі ауылы — 2 балл.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.

Бұған дейін ШҚО-да жер сілкінгенін жазғанбыз.