Алматы қаласы мен Алматы облысында 15 шілдеден бастап электр энергиясының жаңа тарифтері енгізілді. Баға 15% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Krisha.kz "Алатау Жарық Компаниясы" филиалы – "ЭнергоСбыт" деректеріне сілтеме жасап жазды.

Жарияланған мәліметке сәйкес, ҚҚС-пен қоса базалық тариф енді 1 кВт·сағат үшін — 35,67 теңге. Сонымен қатар дифференциалды есеп жүйесі қолданылады: баға тұтыну көлеміне және үйде орнатылған плитаның түріне (газ немесе электр) байланысты есептеледі. Электр энергиясын адам басына көп жұмсаған сайын әр киловатт қымбатқа түседі.

Түбіртектерде тарифтердің өзгергені байқалдаы. Бірінші деңгей лимиті асқан жағдайда автомат түрде екінші немесе үшінші деңгейдің тарифі есептеледі.

Шығындардың өсуі әсіресе электр энергиясын көп тұтынатын отбасылар мен энергияны көп қажет ететін тұрмыстық техниканың (кондиционер, жылытқыш, электр шәйнек және т.б.) иелеріне әсер етеді.

Порталдың хабарлауынша, тарифтердің көтерілуі ДКРЕМ тарапынан жеке брифингпен немесе әкімдіктің ресми мәлімдемесімен сүйемелденбеген.