БАӘ намысын қорғап жүрген аралас жекпе-жек жұлдызы Хамзат Чимаев оңтүстік африкалық Дрикус дю Плессиді жеңіп, алғаш рет UFC чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл титулдық жекпе-жек Чикаго қаласында UFC 319 турнирі аясында өтті. Дрикус дю Плесси бұл қақтығыста чемпиондық белбеуін қорғауға шықты. Алайда оңтүстік африкалық спортшының ойлағаны іске аспады.

Хамзат Чимаев 5 раунд бойы қарсыласына үстемдік етті. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ол 17 тейкдаунның 12-сін сәтті орындап, дю Плессиге 510 жойқын соққы жаудырған. Дрикустың тек 56 соққысы ғана Чимаевқа дәл тиген.

Нәтижесінде төрешілер бірауыздан Хамзат Чимаевты жеңімпаз деп мойындады.

Айта кетейік, 31 жастағы БАӘ өкілі орта салмақтағы UFC-дің жаңа чемпионы болды. Чимаев кәсіби ММА-дағы 15 жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Спортшы әлі жеңіліс көрмеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз