Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 15 тамыздан 18 тамызға дейін қатарынан үш түн бойы, сағат 22:00–ден 6:00–ге дейін, Қайырбеков көшесінен бастап Шығыс айналмалы автожолына дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады.

"Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Төле би көшесі 12 тамызда Назарбаев даңғылынан Қайырбеков көшесіне дейін жабылған болатын.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз