Шымкенттегі Абай ауданының әкімдігі 14 тамыздағы өрттен кейін басқа ғимаратқа көшірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ аудан әкімі аппаратына сілтеме жасап.
Абай ауданы әкімі аппаратының Facebook желісіндегі хабарламасына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі болған төтенше жағдайға байланысты басқа ғимаратқа көшті.
Абай ауданы әкімдігінің жаңа мекенжайы: Нұрсәт шағын ауданы, Бәйдібек би даңғылы №60.
Әкімдік жаңа мекенжайда дүйсенбі, 18 тамыздан бастап жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, 14 тамызда, таңғы 03:19-да Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шыққанын хабарлағанбыз. Зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз