Елордалық ұжым Конференция Лигасының 3-кезеңіне дейін жеткені үшін 566,6 млн теңге табыс тапты.
"Астана" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Швейцарияның "Лозаннасына" екі ойын қорытындысы бойынша ірі есеппен жол беріп, еурокубоктағы жорығын аяқтады. Өз алаңында өткен жауапты матчта қазақстандықтар 0:2 есебімен жеңілді.
Алғашқы ойында 1:3 есебімен ұтылған Бабаян шәкірттеріне Астанада камбэк жасау міндеті тұрды. Бұл жолы алаңға шабуыл көшбасшылары Томасов пен Грипши бірінші минуттардан шықты. "Астана Аренада" аншлаг болды. Ойын бастала салысымен алаң иелері бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Дегенмен, гол соға алмады.
Екінші таймда "Астана" емес, қонақтар алға шықты. 52-минутта Лекуэйри қорғаныстағы олқылықты пайдаланып, Сейсенді қапы қалдырды. 66-минутта Дьяките орталық сызықтан жеке дара өтіп, есепті еселеді. Қалған уақытта швейцариялықтар басымдығын сақтап, матчты жеңіспен аяқтады — 0:2.
Екі матчтың қорытындысы – 5:1, "Астана" еурокубокпен қош айтысты. Қорғаныстағы өрескел қателіктер мен ойын тәртібінің бұзылуы шешуші рөл атқарды.
Енді Қазақстаннан еурокубокта тек алматылық "Қайрат" қана қалады. Олар кем дегенде Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды. Ал ең жоғары межесі өз тарихындағы алғашқы Чемпиондар лигасы.