Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасары ауысты. Сондай-ақ Қазақстанның Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз