Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына қатысты қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысының "Желқуар", "Аят", "Обаған", "Ақбалшық" және Солтүстік Қазақстан облысының "Қызыл жар" автокөлік өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды", — делінген комитет хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, бұл жағдай Ресейдің "Мариинский", "Николаевка", "Звериноголовское", "Воскресенское" және "Казанское" өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстарының (2025 жылғы 15 тамыздан бастап) жүргізілуіне байланысты туындап отыр.

"Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала түзетуді сұраймыз. Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген", — дейді ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдері.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз