Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына қатысты туындауы ықтимал қиындықтар жайлы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысының "Желқуар", "Аят", "Обаған", "Ақбалшық" және Солтүстік Қазақстан облысының "Қызыл жар" автокөлік өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.
Мамандар бұл жағдай Ресейдің "Мариинский", "Николаевка", "Звериноголовское", "Воскресенское" және "Казанское" өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстарының (2025 жылғы 15 тамыздан бастап) жүргізілуіне байланысты екенін нақтылайды.
Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала түзеп алу сұралады.
"Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген". ҰҚК баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2025 жылғы 12 тамызда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей Федерациясында жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты маңызды ақпарат таратты.