Аталған қылмыстық іс Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаментімен жүргізілді, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі, өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін "оң шешіп береміз" деген желеумен ақша бопсалаған.
Нәтижесінде олар 88 млн теңгеден астам қаражатты алған, оның бір бөлігі коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсалған.
Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.
Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.