Байланыс операторлары 10-нан астам SIM-карта сатып алғысы келген адамнан қосымша ақпарат сұрай алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму министрлігінің "Ашық НҚА" порталына орналастырған жобасына сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ашық НҚА" порталында бір қолға SIM-карта сату мәселесін көтерген жобаны жариялады.

"Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудағы басты мақсат биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу арқылы құқық бұзушылықтарды азайту, оператордың бір жеке тұлғаға 10-нан астам нөмір алу қажеттілігі туралы растауды сұрату құқығын қамтамасыз ету", — дейді жобадан күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері туралы министрлік өкілдері.

Министрлік не ұсынды:

  • операторлар ұялы байланыс абонентіне оннан астам нөмірді ресімдеу;
  • абоненттік нөмірді биометриялық идентификациядан өткізу арқылы ресімдеу; — алаяқтық белгілері бар күдікті SMS-хабарламалар және (немесе) қоңыраулар туралы өтініштерді қабылдау;
  • ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ұсынылған өзгеріс ұялы байланыс арқылы қылмыс жасау жағдайларын азайтады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз