Павлодарда терезеден құлаған бала ауруханадан шықты. Ол бір жыл бойы оңалтудан өтеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Басылымның облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, 13 тамызда 2017 жылы туған бала оң динамикамен ауруханадан үйге жіберілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
"Бір ай ішінде қатаң төсек режимін сақтау қажет. Болашақта тұрғылықты жері бойынша оңалту орталығында жыл бойы оңалту қажет", — деді басқармадағылар.
Басылым мәліметіне сүйенсек, баланы терезеден лақтырды деген анасы әлі ем алуда. Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда екені хабарланды. Оған өкше сүйектері мен оң жақ иық сүйегінің сынуына байланысты операция жасалды.
Еске сала кетейік, 30 шілдеде Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден 1991 жылы туған әйел 4 және 5-қабат арасындағы баспалдақ алаңындағы терезеден екі бала мен әйелдің құлағаны анықталды. Зардап шеккендер шатырға құлаған.
Адам өлтіруге оқталу және өзін-өзі өлтіру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
2024 жылы туған баланың жағдайының нашарлауына, ішкі қан кетудің ұлғаюына байланысты сол жақ бүйректі алып тастау үшін ота жасалды. Бірнеше күн өткен соң нәрестенің жүрегі тоқтап қалды.
Полиция аталған дерек бойынша «Кісі өлтіруге оқталу» және «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз