Алматыдан елордаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы құстармен соқтығысу іздері табылуына байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматылықтар Air Astana компаниясының Алматы-Астана бағытындағы рейсінің кешігіп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ әуе компаниясының сайтында елордаға сағат 09:20-да ұшуы тиіс болған ұшақ әлі Алматыда екені жазылған.

NUR.KZ тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сауал жолдады.

"14 тамыздағы Алматы-Астана бағытындағы KS 621 рейсі ұшақтан Астана-Алматы бағытында ұшып келген KS 622 рейсі кезінде құспен соқтығысу ізінің табылуына байланысты кейінге шегерілді", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз