Осы жылдың соңына дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің салық декларациясы жарияланып, олардың мүлігі көпшілікке мәлім болады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министр үкіметтегі баспасөз мәслихаты кезінде мемлекеттік қызметкерлердің салық декларациясы көп күттірмей ел назарына ұсынылатынын жеткізді. Оның сөзінше, декларацияларды тапсыру 15 қыркүйекте аяқталып, жыл соңына дейін жарияланбақ.

Мәди Тәкиев нәтежелер әр министрліктің ресми сайтына жүктелетінін хабаралады.

Алайда, айта кетерлігі, бұл декларацияларда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көрсетілмейді. Министрдің айтуынша, олардың табыс мөлшері Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетіне мәлім.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз