Францияның футбол клубы — ПСЖ квадрупл мүмкіндігін сақтап қалған Еуропадағы жалғыз клуб болды. "Париждіктер" 1-Лиганы, Франция Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, енді алда УЕФА Чемпиондар лигасының финалы тұр, сондай-ақ клубтық әлем чемпионаты тағы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 мамырға қараған түні Луис Энрикенің командасы Франция Кубогының финалында Реймсті 3-0 есебімен жеңіп, осы маусымдағы үшінші кубогын жеңіп алды.
Бұған дейін Париж командасы Франция чемпионаты мен ел Суперкубогының жеңімпазы атанған.
Енді париждіктерді Чемпиондар лигасының финалы күтіп тұр, олар 31 мамырда итальяндық "Интермен" кездеседі. Сонымен қатар, Энрике командасының осы жазда АҚШ-та өтетін клубтық әлем чемпионатында жеңіске жету мүмкіндігі бар.