Алматыда әйелдің үстіне бұтақ құлап, мерт болды. Оқыс оқиғаның мән-жайын қалалық полицияның баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мән-жайы анықталып жатыр", — деді полициядағылар.

Tengrinews порталының хабарлауынша, 27 жастағы марқұмның артында 6 жасар баласы қалды.

Маусымда Павлодар облысында да осындай қайғылы оқиға болған – Ақсуда дауыл кезінде ағаш бұтағы автокөлікке құлап, әйелдің кеудесін тесіп өткен еді.

Марқұм автокөліктің алдыңғы жолаушы орындығында отырған. Құлаған ағаштың бір бөлігі марқұмның кеудесіне түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.

Әкімдіктің мәліметінше, сол күні дауыл салдарынан 16 адам зардап шекті, оның үшеуі бала.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз