11 тамызда форум бағдарламасы аясында 20 қатысушыдан тұратын топ өңірдегі жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі — "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ-ға барды. Экскурсияның модераторы облыстық мәслихат төрағасы Илья Сергеевич Терещенко болды, деп хабарлайды Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі.
Сапар барысында қонақтарға шикізатты қабылдау мен дайындаудан бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл көрсетілді. Қатысушылар электролиз ванналарының жұмысын, алюминийді балқыту және тазалау процестерін, сондай-ақ шығарылатын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін заманауи автоматтандырылған жабдықты көре алды.
Кәсіпорын қызметкерлері өндірісте қолданылатын озық технологиялар, зауыттың Павлодар облысының экономикасы үшін маңызы және оның даму перспективалары туралы айтып берді. Форумға қатысушылар үшін ірі өнеркәсіптік кешеннің нақты жұмысымен танысуға және Қазақстанның металлургия саласы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз