Белгілі қазақстандық видеоблогер Серғазы Тоқтарбек күтпеген жерден өзінің ескі фотоларын жариялап, испаниялық әнші Энрике Иглесиасқа қатты ұқсайтынын дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вайнер шынымен де бірқатар ұқсастықты көрсететін бірнеше коллаж жасаған. Алайда соңғы суреттерден әншінің сырт келбеті сол қалпы екенін, ал оның қазақстандық сыңарының біршама өзгергенін байқауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Toktarbek Sergazy (@sekavines)

"Мен қай жерден қате кеттім?!" – деп сұрады Серғазы Тоқтарбек өзінің жеті миллиондық аудиториясынан.

Вайнердің бұл жазбасы көпшіліктің көңілінен шықты. Мәселен, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері – Нұрғали Сисенғалиев, Дильназ Ахмадиева, Арнат Өтепбергенов, Абзал Ғарифуллин және басқалар өз пікірлерін қалдырған.

Бұған дейін Баян Алагөзованың Қазақстандағы ең сұлу әйелдердің көшін бастап тұрғандығын жазған болатынбыз.