25 мамырда Стокгольмде финалдағы шешуші мачта Швейцария құрамасы АҚШ командасымен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, 24 мамырда Швейцария құрамасы хоккейден әлем чемпионатының финалына шықты. Турнирдің жартылай финалында швейцариялықтар Дания командасын тақыр таза жеңді: 7:0 (3:0, 1:0, 3:0).
Үшінші орын үшін Швеция мен Дания өзара бақ сынасатын болады.
Швейцария құрамасы әлем кубогының финалында төрт рет ойнап, ешқашан жеңіске жетіп көрмепті. Өткен жылы олар шешуші матчта Чехия құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ал АҚШ құрамасы соңғы рет 1960 жылы Әлем кубогының финалында өнер көрсеткен.
23 мамырға қараған түні Дания құрамасы тосын сый жасап, турнирдің фаворит командасы — канадалықтардың қолынан жеңісті жұлып әкетті.