Елордада Қорғалжын тас жолының Тұран даңғылынан Шыңғыс Айтматов көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған учаскеде 25-30 мамыр аралығында жол ішінара жабылады.
"Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Сенат депутаты Әлібек Нәутиев 2025 жылғы 23 мамырдағы үкімет сағатында жол құрылысында сапасыз материал пайдаланғаны және технологияларды бұзғаны үшін жазалауды ұсынған болатын.