Қызылорда қаласында 2025 жылы 11 тамызда Әйтеке би көшесінде орналасқан құрылыс дүкені өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде өрт өршіп үлгерген.

"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, сөндіруге суды үздіксіз беру қамтамасыз етіліп, бірнеше су оқпандары берілді. Өртті сөндіру қатты түтінмен, жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделенді. Өрттің тез таралуына қатты жел ықпал етті", делінген хабарламада.

Өрт толығымен 1500 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға ТЖМ 60-қе жуық жеке құрам мен 10-нан астам бірлік техника жұмылдырылды.