"Жетісу" клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан премьер-лигасы тарихындағы ең үздік футболшыларды атады. Бұл туралы QSport-қа сілтеме жасап 1bol.kz хабарлады.
Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең мықты ойыншылар туралы сұраққа Смақов былай деп жауап берді:
"Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов", — деп қысқа қайырды Смақов.
Тимур Сегізбаев мансабын "Қайрат" сапында өткізген. Жартылай қорғаушы ретінде ол 1958-1970 жылдары алматылық клуб үшін 212 матчқа шығып, 19 гол соқты.
Құралбек Ордабаев он жыл бойы (1972-1982) "Қайраттың" қақпасын қорғап, 254 кездесу өткізді. Сондай-ақ ол Шымкенттің "Металлург" және "Мелиоратор" командаларында да өнер көрсетті.
Сейілда Байшақов та "Қайратта" он жыл (1971-1981) ойнап, 296 матчта 11 голдың авторы атанды. Бұған қоса ол Жамбылдың "Энергетик" клубында да доп тепті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз