Бурабайда саңырауқұлақ теріп, 20 мың теңге айыппұлға ұшыраған қазақстандық желіде наразылығын білдірді. Сондай-ақ, оның айтуынша, саябақ аумағындағы тазалықты қызметкерлер емес, туристер мен демалушылар жүргізеді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Желіде тараған жазбаға "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жағдайды түсіндіру мақсатында ресми хабарлама жасады.

Біріншіден.

"Айыппұл саңырауқұлақ тергені үшін емес, ұлттық парк ережелеріне сәйкес тыйым салынған — жалпы пайдаланылатын жолдан автокөлікпен орман алқабына түскені үшін рәсімделген",- делінген ақпаратта.

Келесі мәселе.

Артынша, саябақ қызметкерлерінің орнына "туристердің қоқыс жинауына" қатысты сын-пікірге жауап берілді.

"Алайда фотосуретте көрсетілген контейнерлер ұлттық парк аумағына тиесілі емес екенін ескертеміз. Біздің аумақта басқа контейнерлер орнатылған",- деп түсіндірді ведомство.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ПІБ "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" ММ (@parkburabay)

Сондай-ақ, саябақ әкімшілігі тазалықты сақтауға үлес қосып жүрген тұрғындар мен қонақтарға алғысын білдірді.

"Сонымен бірге түсініспеушіліктердің алдын алу үшін ақпаратты тексеріп алуға шақырамыз.Паркке келер алдында ережелермен танысуға кеңес береміз — бұл табиғатты сақтап, жағымсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі",- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін Алматыдағы Яссауи көшесінде көлік қозғалысы шектелгендігін жазған болатынбыз.