ҚР Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ақшалай сыйақы сертификаттарын алған оқушылардың суреттерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін, 2025 жылғы 11 тамызда Ақорда резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанған мектеп оқушыларымен кездесуі өткен болатын.

"Мемлекет басшысы алтын, күміс және қола медаль иелеріне сәйкесінше 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде ақшалай сыйлық сертификаттарын табыстады", – делінген кейінірек Ақорданың Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Осыдан соң Президенттің баспасөз қызметі марапатталған оқушылардың суреттерін көпшілікке ұсынды.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда 1 АЕК мөлшері – 3932 теңге:

  • 1500 АЕК = 5 898 000 теңге
  • 1000 АЕК = 3 932 000 теңге
  • 500 АЕК = 1 966 000 теңге

Сондай-ақ, кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау беру бойынша конкурс өткізуді ұсынған болатын.