2025 жылғы 10 тамызда Түркияның Балыкесир провинциясының Сындыргы аймағында 6,1 балдық зілзала тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
TRT Haber телеарнасының мәліметіне сәйкес, дүмпу Стамбулдың батыс бөлігінде 21:55 (Астана уақытымен) шамасында 20-30 секундқа созылды.
Эпицентр Балыкесир провинциясында орналасқан.
Басылымның деректеріне сүйенсек, тұрғын үйлердегі люстралар мен жиһаздар қозғалып, кейбір тұрғындар зәресі қалмастан көшеге шыққан.
Сонымен қатар, смартфондардағы қосымшалар жер сілкінісін бірнеше секунд бұрын ескертіп үлгерген.
Шетелдік БАҚ қирандығы айналған бірқатар үйдің бейнесін жариялады. Қазіргі уақытта қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.