Қарауылтөбедегі той ерекше театрландырылған қойылыммен жалғасты.
«Бала Абайдан дана Абайға» атты спектакль ұлы ақынның өмір жолын қысқаша баяндайды. Сонымен бірге көш керуені жүріп өтеді. Оған 600-ге жуық адам қатысып жатыр.
Иә, бұл қойылымның атынан-ақ түсінуге болады. «Бала Абайдан – Дана Абайға» деп аталған бұл қойылым көрерменді Абайдың балалық шағынан дана ойшылға айналған сәттеріне дейін көрсетеді. Абай Құнанбайұлының шығармашылығында төрт мезгіл табиғат көріністері арқылы терең философиялық, ойлармен өрнектеліп, әр мезгіл адам өмірінің кезеңдеріне, мінезіне ұқсастырылып бейнеленейді. Көш керуеніне 600-ге жуық адам қатысып жатыр.