Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын 11 тамыздан бастап Мағжан Жұмабаев көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық басқарма мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі.

"Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 11-20 тамызы аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы тараптардың бірімен екі бағытта да ұйымдастырылатын болады", делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап алу және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатыны да нақтыланады.

Бұған дейін Астанада қытайлық мамандардың қатысуымен LRT-ны іске қосу дайындығы басталып кеткенін хабарланған.