Таразда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен адамдар құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараздағы Айтиева көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері өртті толық сөндірді.

"Түтін басқан пәтерлерден 4 адам, оның ішінде бір мүгедектігі бар адам құтқарылды. Зардап шеккендерді "Апаттар медицинасы орталығы" бригадасы қарап, екеуі ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар 25 тұрғын өз бетімен үйден шығып үлгерген.