Қазақстандық боксшылар 10 және 11 тамызда Бангкокта (Таиланд) World Boxing ұйымдастыруымен өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектерінде бақ сынайды, деп хабарлайды 1bol.kz.

10 тамызда 19 жасқа дейінгі боксшылар алтын медаль үшін рингке шығады.

Жекпе-жектердің кестесі мынадай (Қазақстан уақытымен сағат 09:00-де басталады):

  • Әйелдер, 57 кг: Аяжан Ермек (Қазақстан) — Мускан (Үндістан)
  • Әйелдер, 80 кг: Құралай Егінбайқызы (Қазақстан) — Критика Васан (Үндістан)
  • Ерлер, 60 кг: Әділет Тортыбек (Қазақстан) — Али Чехрегани (Иран)
  • Ерлер, 70 кг: Бейбарыс Әшірбай (Қазақстан) — Абдулазиз Джуракулов (Өзбекстан)
  • Ерлер, 80 кг: Тимур Тайбеков (Қазақстан) — Норбек Абдуллаев (Өзбекстан)
  • Ерлер, 85 кг: Нұрсұлтан Қыстаубай (Қазақстан) — Самир Собиров (Өзбекстан)
  • Ерлер, 90 кг: Расул Асанханов (Қазақстан) — Хемант Сангван (Үндістан)

11 тамызда 22 жасқа дейінгі боксшылар финалдық кездесулерде өнер көрсетеді:

  • Әйелдер, 48 кг: Гүлназ Бүрібаева (Қазақстан) — Робияхон Бахтиёрова (Өзбекстан)
  • Әйелдер, 70 кг: Бақыт Сейдіш (Қазақстан) — Ойша Тоирова (Өзбекстан)
  • Әйелдер, 75 кг: Шұғыла Налибай (Қазақстан) — Зии Бао (Қытай)
  • Әйелдер, 80+ кг: Әсел Тоқтасын (Қазақстан) — Ритика (Үндістан)
  • Ерлер, 60 кг: Нұрислам Қалдыбаев (Қазақстан) — Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
  • Ерлер, 65 кг: Илья Калинин (Қазақстан) — Саят Ильясов (Өзбекстан)
  • Ерлер, 70 кг: Нұрбек Мұрсал (Қазақстан) — Мухаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)
  • Ерлер, 80 кг: Санжарәлі Бегалиев (Қазақстан) — Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
  • Ерлер, 90 кг: Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) — Шахзод Полвонов (Өзбекстан)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз