Ақтау қаласының 17-ші ықшам ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде өз терезелері тұсында жерде беті матамен жабылған адамның жатқанын айтқан. Zakon.kz редакциясы аталған факт бойынша түсініктеме алу үшін өңірлік ПД-ның баспасөз қызметіне жүгінді.

Құзырлы ведомство атап өткендей, 16 жасар жасөспірім биіктен секіріп көз жұмған.

"Оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы, "Суицидке жеткізу" бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Жасөспірім психикалық диспансердің есебінде бар", — деді полициядағылар.

Бұған дейін Алматыда ҚазҰУ-дың студенті биіктен секіріп, мерт болғанын жазғанбыз.