Трамп ақыры Путинмен кездеспек. АҚШ президентінің айтуынша, ресейлік әріптесі көпшілік талаптарға ақыры мойынсұнды. Бұл туралы Трамп, өзінің ресми өкілі Стив Уиткоффты Путин қабылдап болғаннан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Сонымен қатар Зеленскийді қосқанда үшжақты кездесу болады. Өз кезегінде Украина президенті әркез дайын екенін мәлімдеді.

"Менің өкілім Стив Уиткофф Путинмен жақсы келіссөздер жүргізді. Онымен келесі аптада кездесемін. Бірақ біз бір талабымыз барын ескерттік. Ол – үшжақты саммит. Бірақ дәл қазір адам өлімін, осы сұрапыл соғысты тоқтататындай келіссөз деңгейіне әлі жеткен жоқпыз. Жақын арада жете алатынымызға да сене қоймаймын", — деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырылуын да Трамп өз мойнына алды. Төртжылдықтың басты спорттық додасындағы қауіпсіздік пен өзге шараларды қамтитын жарлыққа АҚШ президенті қол қойды. Трамп 2029 жылға дейін тақта отыратынын ескерсек, басынан аяғына дейін өзі атсалысады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз